МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» туралы ақпарат

Қобда көпсалалы колледжі 1959 жылы Қызылжар ауылында  машина-трактор станциясы негізінде СПТУ №117 болып құрылды. 2012 жылы МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» болып қайта атауы өзгертілді. Колледжден 4200-ден  астам түлек білім алып, ауданымыздың әр саласында еңбек етуде. 2023 жылдың  27 ақпаннан бастап  колледж директоры қызметіне  Болат Жумабаевич Алтаев тағайындалды ( «Ақтөбе автожол колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  директорының міндетін атқарушы болып жасады). Қазіргі таңда колледж 

Қобда көпсалалы колледжінде елді мекендерден келген жастар ауыл шаруашылығына ауадай қажет мамандықтар бойынша тәлім – тәрбие алуда.

2023 жылдың маусым айында жаңа мамандыққа  « 07230100 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" Біліктілік:  3W07230101 – "Тігінші"  07230100 - Швейное производство и моделирование одежды» 3W07230101 – "Швея". Оқу мерзімі -  1 жыл 10 ай және 1 жыл 10 ай білім алатын лицензия алынды.

Жастардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мақсатында 2023-2024 оқу жылында 226 білім алушы оқиды, төменде аталған мамандықтар бойынша білім алуда: «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»,  «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ветеринария», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Жиһаз өндірісі», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу».

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу барысында 

2022 жылы Қобда көпсалалы колледжіне «СНПС – КазМұнайГаз» акционерлік қоғамының демеушілігімен 120 миллион қаражат көлемінде «Дәнекерлеу ісі» мен «Жиһаз өндірісі» мамандықтары бойынша заманға сай  жаңа  құрылғылар сатып алынған болатын. «Дәнекерлеу ісі « мамандығы бойынша «Дәнекерлеу тренажеры ONEW – 360» құрылғысы алынып, білім алушыларға жұмыс жасау технологиясын үйретіп, қалай қолдану техникасы үйретіп, оқу сапасы арттырылуда.

Толығырақ...

 

Жүктеу: Стандарт

 

Жүктеу: Регламент

 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      ауысу үшін:
       көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей.
      Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі;
      қайта қабылдау үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде;
       оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда;
      оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу нысанынан басқа оқу нысанына, бір тілдік бөлімнен басқа тілдік бөлімге, ақылы негізде оқудан білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында басқа білім беру ұйымына ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы);
       2) ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда қайта қабылдау үшін мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында қажетті құжаттар тізбесі:
      1) қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы);
      2) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама.
      Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы үшін төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжат.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.