2025 жылғы 27 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, «Жарқын болашақ» жобасы аясында «Құндылықтарға негізделген педагогикалық кәсібилік пен шығармашылықты дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында Қобда көпсалалы колледжінің аға шебері А. Калдымуратов «Механизация және техникалық мамандықтарда шығармашылық және инновацияны дамыту» тақырыбында кейс-стадиді көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.








