2025 жылғы 25 маусым күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қобда көпсалалы колледжінің «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша Егіндібұлақ ауылында жаңа оқу шаруашылығы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Орталықтың мақсаты:

  • Білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;
  • Теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыру;
  • Ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандар даярлау;
  • Оқу үдерісінің сапасын жақсарту және тәжірибелік бағытты күшейту.

Іс-шараға қатысқандар:

  • Ақтөбе облысының білім басқармасының Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы А.И. Избасар;
  • Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Б. Скакова;
  • Қобда ауданының әкімі І.Д. Тынымгереев;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары;
  • Қобда ауданы әкімінің аппараты мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері;
  • Серіктес ЖШС және шаруа қожалықтарының басшылары;
  • Колледж ардагерлері, оқытушылар мен студенттер.

Іс-шарада Қобда ауданының әкімі І.Д. Тынымгереев сөз сөйлеп, жаңа бастамаға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Бағдарлама барысында:

  • Қонақтар жаңа оқу шаруашылығы орталығының материалдық-техникалық базасымен және жұмыс процесімен танысты;
  • «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша демонстрациялық емтихан өткізілді;
  • Емтихан колледждің Instagram парақшасында тікелей эфирде көрсетілді, бұл – ашықтық пен заманауи цифрлық технологияларды қолданудың көрінісі.

Аталған оқу шаруашылығы орталығы – білім алушыларға нақты өндірістік жағдайларда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін, ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық қадамдардың бірі болып табылады.