МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» туралы ақпарат

Қобда көпсалалы колледжі 1959 жылы Қызылжар ауылында  машина-трактор станциясы негізінде СПТУ №117 болып құрылды. 2012 жылы МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» болып қайта атауы өзгертілді. Колледжден 4200-ден  астам түлек білім алып, ауданымыздың әр саласында еңбек етуде. 2023 жылдың  27 ақпаннан бастап  колледж директоры қызметіне  Болат Жумабаевич Алтаев тағайындалды ( «Ақтөбе автожол колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  директорының міндетін атқарушы болып жасады). Қазіргі таңда колледж 

Қобда көпсалалы колледжінде елді мекендерден келген жастар ауыл шаруашылығына ауадай қажет мамандықтар бойынша тәлім – тәрбие алуда.

2023 жылдың маусым айында жаңа мамандыққа  « 07230100 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" Біліктілік:  3W07230101 – "Тігінші"  07230100 - Швейное производство и моделирование одежды» 3W07230101 – "Швея". Оқу мерзімі -  1 жыл 10 ай және 1 жыл 10 ай білім алатын лицензия алынды.

Жастардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мақсатында 2023-2024 оқу жылында 226 білім алушы оқиды, төменде аталған мамандықтар бойынша білім алуда: «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»,  «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ветеринария», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Жиһаз өндірісі», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу».

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу барысында 

2022 жылы Қобда көпсалалы колледжіне «СНПС – КазМұнайГаз» акционерлік қоғамының демеушілігімен 120 миллион қаражат көлемінде «Дәнекерлеу ісі» мен «Жиһаз өндірісі» мамандықтары бойынша заманға сай  жаңа  құрылғылар сатып алынған болатын. «Дәнекерлеу ісі « мамандығы бойынша «Дәнекерлеу тренажеры ONEW – 360» құрылғысы алынып, білім алушыларға жұмыс жасау технологиясын үйретіп, қалай қолдану техникасы үйретіп, оқу сапасы арттырылуда.

МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» туралы ақпарат

Қобда көпсалалы колледжі 1959 жылы Қызылжар ауылында машина-трактор станциясы негізінде СПТУ №117 болып құрылды. Осы уақыт аралығында колледжден 4000-нан астам түлек білім алып, ауданымыздың әр саласында еңбек етуде.

2012 жылы МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» болып қайта атауы өзгертілді.

2023 жылдың  27 ақпаннан бастап  колледж директоры қызметіне  Болат Жумабаевич Алтаев тағайындалды ( «Ақтөбе автожол колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  директорының міндетін атқарушы болып жасады). Қазіргі таңда колледж  материалдық базасы  нығайтылған, замануи құрал-жабдықталған  оқу орны. 

Колледждің жалпы ауданы 10606 шаршы метр, 3 қабатты оқу корпусы,

жобалық қуаттылығы-300 орын.

2009  шаршы метр оқу өндірістік шеберханасы, 120 орындық асханасы, 500 шаршы метр спорт залы, 1 компьютерлік  кабинет, интерактивтік тақтамен жабдықтандырылған 1 мультимедиялық кабинет,мәжіліс залы,  асхана, дәрігер бөлмесі, 20 орынды кітапхана, оқырман залы, 50 орынды қамтитын жатақханасы бар. Колледжде жалпы білім беретін 11 кабинет және арнайы білім беретін 2 өндірістік шеберхана бар. 2009-2010 жылдары жаңа технология бойынша физика, ЛМК, ЖЖЕ кабинеттері құралдармен жабдықталып, интернеттік жүйеге қосылған. 8 жинақталған мультимедиялы инновациялық подиум толығымен қолданылуда.

2013 жылы колледждің  оқу  корпусы  күрделі  жөндеуден өтті. Жөндеуге  бөлінген  қаражат  мөлшері: 54006,6 мың  теңге.

Ауылдық аймақтан келген студенттер жатақханаға орналасады. Жатақхана барлық жағдайы жасалған, теледидар, музыка тындау құрылғысы және төсек-жабдықтарымен толықтай қамтылған.

2016-2017 оқу жылында  колледж мемлекеттік бюджет есебінен 3 мамандық бойынша 75 студент қабылдады.  Ол «Фермерлік шаруашылық» аспазшы, «Фермерлік шаруашылық» ауылшаруашалық өндірісіндегі тракторист-машинисі және «Дәнекерлеу ісі» газбенэлектрдәнекерлеуші мамандықтары бойынша мамандар оқытылуда. Үлгерімі өте жақсы, жақсы оқитын студенттерге стипендия және ауылдық аймақтан келген студенттер жол ақысын алып отырады.

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып,білім сапасын арттыру, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу барысында  Қобда көпсалалы колледжінде 2017-2018 оқу жылында  27-инженер-педагог қызмет етуде. Оның 24-і жоғары білімді, 3-уі-арнайы орта білімді мамандар. Жоғары санатты-4, І-ші санатты-10 педагог. Жыл сайын арнайы кесте бойынша мұғалімдер  ұжымы Ақтөбе және Орал  қаласындағы  қайта даярлау және біліктілігін  арттыру институтында  курстан  өтеді. Педагогикалық  кадрларды жинақтау үшін үзілмес  жұмыс  жүргізілуде. Бүгінде колледжде – өндірістік-оқыту шеберханалары,10 оқу кабинеті мен зертханалар студенттерге кәсіби бағытта білім беру  мақсатында қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Республикалық бюджеттен  бөлінген -25 млн.теңге көлеміндегі қаржыға колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2-трактор, «КИА»  автокөлігі, 2-автотренажер,3- жылжымалы дәнекерлеуші аппараты сатып алынды. Колледж бітіруші түлектерге оқыған мамандықтарына қосымша  «В,С-категориялы автокөлік жүргізушісі» куәлігін береді.

Білім беру бағдарламасының басты құрамасы  колледжде өндірістік оқыту мен оқушылардың практикасы болып табылады. Өндірістік  оқытудың басты мақсаты: белгілі бір мамандық бойынша оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру. 

2015-2018 оқу жылдары аралығында қол жеткізген жетістіктер де аз емес.

2015 жылы механизаторлар  арасында  өтетін  облыстық  байқау біздің колледжде өтті.

Аталған байқауда  колледж студенті Ерниязов  Жанболсын  «Гран-при» иегері атанды;

Кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткен «Үздік механизатор-2016» атты  облыстық байқауында  колледж студенті  Демесбай Серік  «Үздік таныстыру»  номинациясы иегері атанды;

Кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткен «Үздік  аспазшы –кондитер-2017»  атты  облыстық байқауында  колледж студенті  Гладков Максим  «Үздік таныстыру» номинациясы иегері атанды;

Кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткен «Пісіру ісі технологиясының чемпионаты-2017» атты  облыстық байқауында  колледж студенті Яндиев Артур жүлделі орынды иеленді.

Құрылу жылы: 1959 ж.

Меншік нысаны: мемлекеттік

Мекен-жайы: Қобда ауылы, Алтынсарин к., 4.

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон: 8 (71341) 21-6-75, 21-5-94

Бағыты: Ауыл шаруашылық

Оқыту нысаны: күндізгі

Тарихы: «Қобда көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 1959 жылы  СПТУ №117 болып құрылды.

1980 жылы  117- АКТУ №117- Қобда АКТУ болып өзгертілді.

1984 жылы   Қобда №117 –АКТУ №15 КТУ  болып өзгертілді.

1996 жылы №15 КТУ  №15 Қобда  КТМ болып өзгертілді.

2008 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен №288 31.07.2008 жылы№15 Қобда  Кәсіптік техникалық мектебі №15 Қобда кәсіптік лицейі болып өзгертілді.

2012 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен №240 10.07.2012 Қобда №15 кәсіптік лицейі Қобда көпсалалы колледжіне қайта ұйымдастырылды.

Оқушы контингенті - 166 студент (күндізгі бөлімде-166 адам.)  

Мемлекеттік тапсырыспен - 166 адам.

Қабылданғаны - 85 адам, мемлекеттік тапсырыспен-85 адам.

Түлектер - 109 адам, мемлекеттік тапсырыспен- 109 адам

Жұмысқа орналасқан және  өзін өзі жұмыспен қамтығандары-86 %;

Педагогтар саны: 26-, оның 24-і штат бойынша, 2-оқытушы қосымша қызмет атқарады. Оның 25-і жоғары білімді, 1- арнаулы орта. 

Педагогикалық құрамның сапасы:  

Педагог сарапшы-8 (30%)

 Педагог-модератор-7 (26.9%)               

Мамандар даярлау - 4 мамандық бойынша жүргізіледі:

  1. «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» біліктілігі: «Электргазымен дәнекерлеуші»,
  2. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігі: «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі»
  3. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» біліктілігі: «Аспазшы»,
  4. «Ветеринария» біліктілігі: «Жануарларды ветеринарлық өңдеу жөніндегі операторы».

Материалдық-техникалық база: Жалпы жер көлемі-8286 ш.м. (оның ішінде оқу орны-4892 ш.м). Жобалық қуаттылығы-300 білім алушы орны.

Колледж типтік ғимаратта орналасқан, оқу кешенінде 13 теориялық оқу кабинеттері бар. Оның 8-і – жалпы білім беретін кабинет, 6-уы- арнаулы пән кабинеттері, зертхана-2, шеберхана-5, спортзал – көлемі 308,6 м2, акт залы- көлемі 203 м2, асхана – жобалық қуаттылығы, отыратын орындар-120, мед кабинет – 1. компьютерлік  кабинеттер саны -2: Оқу кабинеттерінде 8 инновациялық мультимедиялық подиум, 10 моноблок және 97 ноутбук процесінде пайдаланылады

2014 жылы колледждің  оқу  корпусы  күрделі  жөндеуден өтті. Жөндеуге  бөлінген  қаражат  мөлшері: 24911,627 теңге.

2014 жылы Республикалық бюджеттен  бөлінген -25 млн.теңге көлеміндегі қаржыға колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 4-трактор, «КИА»  автокөлігі, 2-автотренажер, 3- жылжымалы дәнекерлеуші аппараты сатып алынды.

2022 жылы Қобда көпсалалы колледжіне «СНПС – КазМұнайГаз» акционерлік қоғамының демеушілігімен 120 миллион қаражат көлемінде «Дәнекерлеу ісі» мен «Жиһаз өндірісі» мамандықтары бойынша заманға сай  жаңа  құрылғылар сатып алынған. «Дәнекерлеу ісі « мамандығы бойынша «Дәнекерлеу тренажеры ONEW – 360» құрылғысы алынып, білім алушыларға жұмыс жасау технологиясын үйретіп, қалай қолдану техникасы үйретіп, оқу сапасы арттырылуда.

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам басады.

Болашаққа рухани мәдинетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек, -

деп текке айтпаған. Сондықтан жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту үшін, алдыңғы буын ағалардың өткен өмірі үлгі.

Осыған орай, МКҚК «Қобда көпсалалы колледжінде» Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз И.Білтабановтың құрметіне орай «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушыларды құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлына берілді.

Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, Ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майданда қол бастап еліміздің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысының Батыры, жерлесіміз  И.Білтабановтың інісі, І-ші класты ұшқыш,

Құрмет белгісі Ордені және көптеген медальдардың иегері- Баспай Зұлқарнай Нұрлығалиұлы,  «Қос-Аққу»  Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубының төрағасы, күрес түрлерінен шеберлер арасында алты дүркін әлем чемпионы, Қазақ Спорт және Туризм Академиясының құрметті профессоры Мырза Қуаныш Қазтұрғанұлы және т.б. ардагерлер шақырылды.

Іс-шара аудан,облыс  жастарының арасында волейболдан жарысқа ұласты.