| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Жоспар | |
| 2 | Талдамалық анықтама Қобда |
2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай - ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация - «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына дейін қабылданады.
Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.
Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (а.ж. 9 желтоқсан) орай жоспарлануда.
Конкурсқа қатысуға шақырамыз!
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Қобда көпсалалы колледжі» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ - сі «Қобда көпсалалы колледжі» МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05. - 2025ж. - 01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ Қобда көпсалалы колледжінің кадр бөлімінің инспекторы Тілеуқабылова Меруерт Жанқабылқызына келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 - (71341) 21675
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және талдау жүргізетін жұмысшы тобын құру туралы бұйрық












