2025 жыл Елбасының Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Қобда көпсалалы колледжі «Қадам - Life 2025» жобасы аясында кәсіби бағдар беру жұмысын белсенді түрде жүргізуде. Атап айтқанда, колледж өкілдері ауданымыздағы И.Тайманов атындағы гимназия мектебінде мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтары туралы толық мағлұматтар берді. Шара барысында оқушыларға түрлі мамандықтардың маңыздылығы мен болашақта оларды игерудің артықшылықтары түсіндіріліп, кәсіби бағдар берудің жолдары таныстырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – жас буынның дұрыс кәсіби таңдау жасауына көмек көрсету, олардың болашақта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге деген қызығушылығын арттыру