МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» туралы ақпарат

Қобда көпсалалы колледжі 1959 жылы Қызылжар ауылында  машина-трактор станциясы негізінде СПТУ №117 болып құрылды. 2012 жылы МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» болып қайта атауы өзгертілді. Колледжден 4200-ден  астам түлек білім алып, ауданымыздың әр саласында еңбек етуде. 2023 жылдың  27 ақпаннан бастап  колледж директоры қызметіне  Болат Жумабаевич Алтаев тағайындалды ( «Ақтөбе автожол колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  директорының міндетін атқарушы болып жасады). Қазіргі таңда колледж 

Қобда көпсалалы колледжінде елді мекендерден келген жастар ауыл шаруашылығына ауадай қажет мамандықтар бойынша тәлім – тәрбие алуда.

2023 жылдың маусым айында жаңа мамандыққа  « 07230100 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" Біліктілік:  3W07230101 – "Тігінші"  07230100 - Швейное производство и моделирование одежды» 3W07230101 – "Швея". Оқу мерзімі -  1 жыл 10 ай және 1 жыл 10 ай білім алатын лицензия алынды.

Жастардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мақсатында 2023-2024 оқу жылында 226 білім алушы оқиды, төменде аталған мамандықтар бойынша білім алуда: «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»,  «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ветеринария», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Жиһаз өндірісі», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу».

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу барысында 

2022 жылы Қобда көпсалалы колледжіне «СНПС – КазМұнайГаз» акционерлік қоғамының демеушілігімен 120 миллион қаражат көлемінде «Дәнекерлеу ісі» мен «Жиһаз өндірісі» мамандықтары бойынша заманға сай  жаңа  құрылғылар сатып алынған болатын. «Дәнекерлеу ісі « мамандығы бойынша «Дәнекерлеу тренажеры ONEW – 360» құрылғысы алынып, білім алушыларға жұмыс жасау технологиясын үйретіп, қалай қолдану техникасы үйретіп, оқу сапасы арттырылуда.

Толығырақ...

 

Жүктеу: Стандарт

 

Жүктеу: Регламент

 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз жүзінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.