Ағымдағы жылдың 1 - маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі  қарсаңында Қобда көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен және Ақтөбе облыстық білім басқармасының қолдауымен бірінші рет ауданымызда "WorldSkills Kazakhstan" қозғалысы аясында "JasSkills" кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатта ауданымыздың 8-11 сынып оқушылары төмендегідей 5 құзыреттілік бойынша бақ сынады.

Олар:

  1. Тамақтандыруды ұйымдастыру
  2. Дәнекерлеу ісі
  3. Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторист -машинисі
  4. Ветеринария
  5. ЖиҺазшы

Жұмыс мамандықтарын танымал етуге және мектеп оқушыларының ерте кәсіби бағдарлануына серпін беретін бұл чемпионатта ең алдымен құзыреттіліктер бойынша шебер кластар көрсетіліп, оқушы қызығушылығын оятты! Содан кейін әр қатысушы таңдаған құзыреттіліктері бойынша жұмыс орындарында берілген тапсырмаларды практика жүзінде іске асырды. Шараның ашылуында аудандық ішкі саясат бөлімің басшысы А.Кабылов қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі. Шара қонағы, Қобда ауылдық округінің әкімі М.Кульниязов ауылшаруашылық саласында сұранысқа ие мамандықтардың Қобда көпсалалы колледжінде даярланып жатқанына алғысын білдіріп, қатысушыларға  болашақ кәсіби маман иесі болуға тілек білдірді. Шара соныңда жеңімпаздар  мен жетекшілері облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталып, медальдар мен сыйлықтар табысталды. Мектеп оқушыларын белсенді қатыстырғаны үшін  Исатай Тайманов атындағы гимназияның және Қобыланды батыр атындағы орта мектеп басшыларына алғысымызды білдіреміз!