Ағымдағы жылдың қазан айының 4 – і күні Қобда көпсалалы колледжінде «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысушылар:
Колледж директоры А.С.Курганбаев
Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Н.Шудабаев
Аудандық орталықтандырылған ауруханасының СӨСҚ медбикесі Ж.Конысбаева
Аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны Б.Т.Серкешев
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Г.Ж.Губайдулина
Қаралған мәселелер:
- жаңа оқу жылындағы штаттық режимдегі оқу процесі;
- жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары;
- ерте жүктілікті болдырмау мақсатында өткізіліп жатқан шаралар;
- жатақхана студенттерінің ыстық тамақпен қамтылуы;
- білім беру ұйымына алып кіруге болмайтын заттар тізбесі;
- білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануды реттеу ұстанымдары
Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтары бойынша колледж директоры түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарды мазалап жүрген мәселелер бойынша пікір алмасты. Жатақхандағы ыстық тамақ мәселесіне де тоқталып, алдағы күтілетін өзгерістер бойынша ата-аналар сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.