Қобда көпсалалы колледжінің бірінші курс студенттеріне жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Қобда ауданының Әлия, Бұлақ ауылдары және Абат – Байтақ кесенесіне экскурсия ұйымдастырылды. Колледж директоры А.С.Курганбаев бастаған бірнеше студенттер ең алдымен Әлия ауылында орналасқан «Рахман» мешітінде, «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында болды. Сырттан өзге аудандардан келген студенттеріміз ауданның Кеңес одағының 8 батыры, Әлия Молдағұлованың ерліктері және ауданымыздың киелі жерлері туралы толық мағлұматтар алып, қызықтырған сұрақтарына жауап ала білді. Одан әрі Әлия апамыздың туған жері Бұлақ ауылында орналасқан саябаққа және Асан қайғының батыр ұлы Абат – Байтақ кесенесіне жол тарттық. Мұнда балалар кесене тарихымен таныс болып, Абат туралы көп мәліметтер біліп, саналы ой түйерлік экскурсия жасап қайтты.