«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында, еңбек нарығы талаптарына сай техникалық және кәсіптік білім жүйесінде білікті мамандар даярлауда. Ел экономикасының қарыштап дамып, бәсекелестікке төтеп беруі үшін сапалы маман қажет. Білім ордамызда білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қызметінің ұқсас салаларына да бағдарланған, үнемі кәсіптік өсуге дайын, әлеуметтік және кәсіптік бейімділігі жоғары мамандарды дайындау үшін жағдайлар жасауға бағытталған.ТжКб жүйесіндегі оқу орындарының басты проблемасы - өз мамандығы бойынша студенттердің жұмысқа орналасу процентінің төмендігі болып табылады. Проблеманың шешімі - дуалды оқыту жүйесін енгізу болып саналады. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі – техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Дуалды оқыту элементтерін пайдалану оқу процесінде теория мен практиканы қиыстыруға мүмкіндік береді. Екі деңгейлі практика дуалды оқытудың элементі ретінде барлық қатысушы тараптардың қызығушылығын қанағаттандырады. Оқу орындары мен өндіріс орындарының мамандарды даярлау сапасына бірдей жауапкершілігі болады. Дуалды оқыту жүйесінің өндіріс орындары үшін тиімділігі – бұл өздеріне маманды даярлау, жұмысшыларды іздестіру мен іріктеу, оларды қайта үйрету мен адаптациялауға кеткен шығындарын азайту. Ал білім алушылар үшін – бұл шынайы өндіріс шарттарына түлектерді адаптациялау және оқуды мамандық бойынша аяқтағаннан кейін табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігінің кеңеюі.
Қобда көпсалалы колледжі дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Дуалдық оқыту жүйесін енгізген кәсіпорынмен және аймақтық кәсіпкерлік палатамен үш жақты келісімшартқа қол қойды.Колледжде мақсатқа бағытталған оқу-тәрбие жүйесі қалыптасқан. Колледж жылдың негізгі мәселелерін шешуге және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың кешенді-мақсатты бағдарламасына сәйкес құрылған ортақ жоспар бойынша жұмыс жасайды.
Әлеуметтік серіктестік жөніндегі келісім шартқа үш жақты қол қою, теория мен тәжірибені үйлестіру арқылы білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.Осындай жолмен, біздің колледжде дуалды оқыту жүйесін іске асыру сервис колледжі мен кәсіпорындар арасындағы нәтижелі серіктестікті жолға қоюға ықпал етіледі.
2020-2021 оқу жылында «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы - машинисі » және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша №73 және №8 топ студенттері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында дуалды оқыту жүйесі бойынша өндірістік оқу сабақтарынан өтуде. Кәсіпорындарда студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаудан өтіп, жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау шарттарымен танысты. Мамандыққа сәйкес, бірінші тағам; екінші тағам; тұздықтар; балық, ет және құс тағамдары; салат және винегреттер; көкөністен дайындалған тағамдар; салқын тағамдар мен басытқылар; ыстық және салқын сусындарды технологиялық карталардың көмегімен дайындауды, қамыр түрлерін үйреніп, олардан әр түрлі бұйымдар әзірлеуді, сондай-ақ, өздігімен әсемдеуді, тағамды ұсынуды іс-тәжірибе жүзінде үйренуде. Дуальды жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндіктер беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз. Колледж студенттері жұмыс берушілерге толық дайын болып барады және олар өндірісте өздерінің дағдысын тек тереңдете, шыңдай түседі. Білім мекемелерімен етене араласқан жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды сол колледждің қабырғасынан-ақ, өздері атсалыса отырып, даярлайды.
https://kobda-kollege.edugov.kz/kz/247/164-dualdy-o-ytu.html#sigFreeId3988b369f4








