Бүгінгі күні біздің колледжіміздің алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік және техникалық білім беруде өндірістік тәжірибенің маңызы зор. Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды түрлеріне айқындалған.Өндірістік тәжірибе колледж студенттерінің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.
Кәсіптік тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.
2017-2018 оқу жылына «Кәсіптік бағдар беру»бойынша жұмыс жоспары жасалды, ЖШС «Қазақстанның 30 жылдығы» кәсіпорында дуальдік жүйе элементтерін өткізу жұмысы келісілді. Әріптес кәсіпорындармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде базалық кәсіпорын мәртебесіне келіскен кәсіпорын туралы құжаттары жасақталды. Топ студенттері қауіпсіздік нұсқаудан өтілді.
2 оқу тобы бойынша -50 студент өндірістік тәжірибеге жіберілді.
2018-2019 оқу жылы ЖҚ «Жулдыз-2» кәсіпорнымен дуалды оқыту жүйесі бойынша келісімге отырғызылды.
2015 жылдың маусым айында «Үздік механизатор»сайысы өткізілді. Облыстық байқауда Ерниязов Жанболсын «Гран- при»иегері атанды.
2015 жылы аспазшы арасында облыстық байқау өткізілді. Байқауда Свирко Ольга 3 курс студентті «Ең креативті аспазшы» номинациясының игері атанды
«Үздік механизатор- 2016 » облыстық байқауда «Үздік таныстыру»3 курс Демесбай Серік иеленді.
«Үздік аспазшы- кондитер-2016» атты облыстық байқаудың жүлдегері- 3курс студенті Гладков Максим 3 дәрежелі дипломмен марапатталды .
2017 жылы «WorldSkills» чемпионаттына қатысқан «Дәнекерлеу ісі » мамандығының 3курс студентті Яндиев Артур 3 дәрежелі дипломмен марапатталды
2018 жылы «WorldSkills» чемпионаттына қатысқан «Дәнекерлеу ісі » мамандығының 3курс студентті Таниев Виталий 3 дәрежелі дипломмен марапатталды
2019 жылы «WorldSkills» чемпионаттына қатысқан «Дәнекерлеу ісі » мамандығының 3курс студентті Яндиев Артур 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы «WorldSkills Aktobe» аймақтық чемпионатының «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша Аюпов Ильяс ІІІ жәрежелі дипломмен марапатталса, директордың оқу – өндірістік жөніндегі орынбасары, арнайы пән оқытушысы Сукулова Гульжаннат Конысбаевнаға сертификат берілді.
Өндірістік тәжірибе – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинауға арналған үлкен мүмкіндік. Жалпы тәжірибенің барысы туралы айтатын болсақ тексеру кестелері жасалынып, тексерілді. Қазіргі тәжірибеге деген көзқарасымыз бұрынғыға қарағанда түзелгенін баса айтқым келеді. Сонда да Болашақ маман үшін тәжірибенің атқаратын ролі маңызды екенін әрбір студенттің оның ата-анасының санасына құйып толықтай жеткізуіміз керек деп ойлаймын.
https://kobda-kollege.edugov.kz/kz/247/163-ndiristik-t-zhiribe-mamandy-igerudegi-al-ash-y-adam.html#sigFreeId8c661489d8








