Мақсаты: Жатақхана білім алушыларының көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, өздерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, бос уақытты тиімді пайдалану мен білім алушылар арасындағы достықты нығайту.
Бұл жаттығу білім алушылардың психоэмоционалдық жағдайларын түсіну және басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар көңіл-күйлерін әртүрлі жағдайлармен байланыстырып, оны дұрыс бағалай алады және оны оң өзгерістерге бағыттау тәсілдерін үйренеді. Сондай-ақ, жаттығу барысында топтық жұмыс жүргізіліп, білім алушылардың арасындағы достық қатынастар нығайтылады.
Өткізген:
Педагог-психолог: Изтлеуова А. Ж.
Жатақхана тәрбиешісі: Асылова А. М.








