«Жасөспірім арасындағы буллинг мәселесі» тақырыбында білім алушыларға алдын-алу, түсіндірме жұмыс жүргізілді, сауалнама алынды. Буллинг және кибербуллинг жайында студенттер белсенді түрде әңгімеге араласып, сұрақтар қойып, осы өзекті тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Әңгімелесу барысында Интернеттегі қарым-қатынас этикеті мәселелері қозғалып, кибербуллинг мысалдары мен одан қорғану жолдары қарастырылды.
Өткізген: педагог-психолог Сәти Ә.М.








