Жатақхана студенттері арасында «Анемия. Алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты – студенттерге анемия ауруының алдын алу мен денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды. Анемия – бұл қандағы гемоглобиннің деңгейінің төмендеуі нәтижесінде пайда болатын ауру болып табылады, ол ағзаға қажетті оттегін жеткізудің бұзылуына әкеліп соғады.

Шараны колледждің медбикесі Жанабаева А. П. және жатақхана тәрбиешісі Асылова А. М. ұйымдастырып, студенттерге дұрыс тамақтану, денсаулықты қорғау және медициналық тексерулерді уақытылы алу бойынша кеңестер берді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – студенттерді анемияның алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру және аурудың алғашқы белгілеріне дер кезінде назар аудару қажеттілігін түсіндіру болды.

Түсіндірме жұмысынан кейін студенттер өздерінің денсаулығын сақтау үшін қажетті шаралар мен профилактикалық кеңестер туралы толық ақпарат алып, пікірлер мен сұрақтармен бөлісіп, белсенді түрде қатысқанын атап өткен жөн.
Колледждің денсаулық сақтау қызметі мен тәрбиешілері осындай маңызды шараларды ұйымдастырып, студенттердің денсаулығын қорғауға және олардың саналы түрде сауықтыру мәдениетін қалыптастыруға ұмтылуда.
Колледж медбикесі: Жанабаева А. П.
Жатақхана тәрбиешісі: Асылова А. М.