Бүгінгі күні үйірмеде асық бояу тақырыбына арналып ерекше сабақ өтті. Әрбір қатысушы асықтарды акрил бояуларымен бояп, жарқын ойын элементтерін жасады. Қарапайым, бірақ ерекше түстермен сәнделген асықтар оларды тек эстетикалық тұрғыда әдемі етіп қана қоймай, дәстүрлі ойындар үшін өте қолайлы етті.
Бұл іс - шара балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ұлттық ойындардың мәнін түсінуге көмектесті.
Үйірме жетекшісі: Койбағарова О. Н.








