27 ақпан күні жалпы білім беретін пәндердің педагогтеріне арналған семинарымызда сапалы білімге қол жеткізу үшін қажетті тиімді әдіс-тәсілдер талқыланды.

Шара барысында колледж педагог-психологы А. Ж. Изтлеуова тренинг жүргізіп, қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетіп, жаңа көзқарастарды ұсынды. Сонымен қатар, биология пәнінің оқытушысы С. Ш. Байгутдиева, математика пәнінің оқытушысы А. Е. Кизатова және әлеуметтік педагог Б.М.Акиева өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту процесінде қолданатын тиімді әдістерін таныстырды.

Семинар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқыту процесіне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Пікір алмасу мен ұсыныстар соңында қатысушылар үшін жаңа әдіс-тәсілдер жайлы пікірлер мен идеялар ұсынылды.