Қобда копсалалы колледжінің  кітапханасы  туралы  мағлұмат және ережесі.

 

Қобда  копсалалы  колледжі   кітапханасының  жалпы  аумағы 57 щаршы метр, оқырмандарға  арналған   орындар саны  20 орын, кітап тарату  пункті  1орын,  кітап қоятын  7 сөре, 7 компютер жумыс жасауда, интернет  желісі  қосылып тур,  порттреттер, буклеттер қоятын 4 шкаф, кітапханашының  жұмыс столы  1 еу, және 1 стент бар.

 

Кітапханада  кітап   қоры :кітапхана  есебінде барлығы  11119 кітаптар тіркелінген. Оның ішінде  көркем әдебиет  373 дана,  мемлекеттік  тілдегі  кітаптар саны   4698 дана, орыс  тілінде  6048 дана  және де уақытылы  кітапхана қорына  мемлекеттік  баспалар ( журналдар, газеттер)  алынады.

 

Жыл сайын  жаңа  оқу жылына   қажетті  кітаптар тізімі Ақтөбе  қаласы Білім  басқармасына  жаңа стандарт  негізінде  сұраныс  бойынша  кітаптар  алынып  тұрады.

 

Кітапханада   мерекелік  іс  шараларға  байланысты студенттермен  бірге  сыныптан тыс  сағаттары,  танымдық  сағаттары, ашық  сабақтары және  кітап  көрмесі  өтіледі.

 

Сонымен  қатар студенттеріміз  сабақтан  тыс  уақыттарында  кітапханаға  келіп  қосымша  материалдар  алып, компютерде  рефераттар  жазып, оқулықтар  алып, көркем әдеби  кітаптар  оқып   бос уақыттарын  пайдаланады.

 

 

           

          Бекітемін:

                                                             Қобда көпсалалы колледжі директоры

                                                              ______________ Курганбаев А.С.

                                                             2018-2019 оқу жылы

 

Кітапхана ережесі

          

Кітапхана-мәдени, ағартушылық, ақпараттық, білім және басқа әлеуметтік қызметтерді атқаратын, иелігінде баспа мен қолжазба, сонымен қатар графикалық, аудиовизуалдық материалдары бар және оларды жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша қолдануға беретін мемлекеттік мекеме.

 

       

Кітап қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және ол мемлекет қорғауында болады. Оқырман әдеби-ақпараттық қорлардың қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие.

  • Оқырман кітапханаға төлқұжаттары мен мекен-жайы туралы анықтама арқылы жазылып, оқырман билетіне ие болады. Оқырман билетін басқа адамға беруге болмайды;
  • Оқырман алған кітаптарды көрсетілген мерзімде өткізуге міндетті. Егер қажет болса тағы бір ет мерзімін ұзартуға болады;
  • Кітаптарды көрсетілген мерзімде өткізбеген жағдайда әкімшілік тарапынан шара қолданылады;
  • Оқу залының кітаптары үйге берілмейді;
  • Оқырман кітаптарды ұқыпты қарап, таза ұстауға міндетті;
  • Сөредегі кітаптарды орнын ауыстыруға, карточкаларды орнынан суыруға болмайды.

 

Осы көрсетілген ереже орындалмаған жағдайда кітапхана әкімшілігі тарапынан оқырманға қызмет көрсету тоқтатылады.

 

 

 

               Естеріңізде болсын!!!

              Ұқыпты ұсталған кітаптың өмірі де ұзақ болады.

 

  • Кітаптың парақтарын бүктеуге, жыртуға болмайды;
  • Кітаптағы мәтіндерге белгі соғуға, сызуға болмайды;
  • Кітаптағы суреттерді, сызбаларды, схемаларды бастыруға болмайды, парағы бүлінеді;
  • Кітапты лас қолмен ұстамаңыз!

 

 

Сіздерден өтініш!

 

  • Кітаптарды белгіленген мерзімде қайтарыңыз, оны сіздің курстастарыңыз асыға күтуде, ал өте қажет болған жағдайда оқу жылының аяғына дейін пайдалану мерзімін ұзартыңыз;
  • Кітапхана қызметкерінің рұқсатынсыз өздерің қол қоймаған басылымдарды абонементтен, оқу залдарынан алып шықпаңыз;
  • Пайдаланылған барлық кітапхана басылымдарын тәртіп бойынша әр оқу жылының аяғында міндетті түрде тапсырыңз;
  • Бітіріп кетерде немесе жазғы демалысқа кеткенде кітапхана басылымдарын түгел өткізіп, өзіңіздің кету туралы парағыңызды толтырыңыз.

 

 

 

Кітапханашы:                         Махамбетова М.А.