Қобда ауданына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешович Шахаров іс-сапармен келді. Іс- сапар барысында колледжімізде ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында көрмені тамашалады. Көрмеде колледж білім алушылар мен оқытушыларының туындылары, мамандықтары бойынша даярлық жұмыстары, әлеуметтік серіктестердің біріккен жұмыстары, сондай-ақ кәсіптік білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған жобалар мен инновациялық бастамалар таныстырылды. Колледж жұмыс барысымен танысып, жүргізіліп жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп, жастардың кәсіби білім алуына қолдау көрсету маңыздылығын атап өтті.