Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам басады.

Болашаққа рухани мәдинетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек, -

деп текке айтпаған. Сондықтан жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту үшін, алдыңғы буын ағалардың өткен өмірі үлгі.

Осыған орай, МКҚК «Қобда көпсалалы колледжінде» Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз И.Білтабановтың құрметіне орай «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы» атты іс-шара ұйымдастырылды.

 

 

Іс-шараға қатысушыларды құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі аудан әкімі

Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлына берілді.

 

 

Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, Ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майданда қол бастап еліміздің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысының Батыры, жерлесіміз И.Білтабановтың інісі, І-ші класты ұшқыш,

Құрмет белгісі Ордені және көптеген медальдардың иегері- Баспай Зұлқарнай Нұрлығалиұлы, «Қос-Аққу» Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубының төрағасы, күрес түрлерінен шеберлер арасында алты дүркін әлем чемпионы, Қазақ Спорт және Туризм Академиясының құрметті профессоры Мырза Қуаныш Қазтұрғанұлы және т.б. ардагерлер шақырылды.